Елордада жемқорлық қылмыс туралы хабарлаған 3 адамға сыйақы берілді

1041

Мұндай адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия саналады.

Елордада жемқорлық қылмыс туралы хабарлаған 3 адамға сыйақы берілді

Биылғы жылдың 5 айында ауыр түрдегі сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы хабарлаған 3 елорда тұрғынына 612 570 теңге көлемінде сыйақы берілді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің елордалық департаментіндегі превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Марат Хайруллин мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Нұр-Сұлтан қаласында сыбайлас жемқорлық орын алатыны және орын алғаны туралы хабарлағаны үшін 2019 жылы жалпы сомасы 1 млн 590 750 теңгеге 9 азамат ынталандырылды. Өткен жылы 4 тұлға жалпы сомасы 627 820 теңгенің сыйақысы табыс етілді. Ал биылғы жылдың 5 айында біздің департамент 612 570 теңге сомасына 3 адамды сыйақымен марапаттады. Олардың үшеуі де ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстық іс туралы хабарлады", - деді М. Хайруллин аталған ведомствода онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, басқарма басшысы сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адамдарды қорғау тиісті түрде жүзеге асырылатынын жеткізді.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңына сәйкес мұндай жағдайлар туралы хабарлаған адам ақшалай қаражатпен ынталандырылып қана қоймай, мемлекеттің қорғауында болады. Мұндай адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады", - дейді ол.

Сөз соңында, Antikor ortalyǵy-ның өкілі сыбайлас жемқорлық фактілерімен кездескен жағдайда, 1424 нөмірлі Call-орталығына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің кезекші бөліміне 8 (7172) 72-62-22, 72-66-32 қоңырау шалуға болатындығын айтып өтті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу