Елордада жеңіл көлік бағанды құлатып, автобус аялдамасына кіріп кетті

873

Кеше елордада "КамАЗ" жүк көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, жолаушылар автобусын соққан еді.  

Елордада жеңіл көлік бағанды құлатып, автобус аялдамасына кіріп кетті

Елордада жеңіл көлік көшедегі жарық бағанын құлатып, автобус аялдамасына кіріп кетті, деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті.

Бүгін, таңертеңгі сағат 08.05-те "KIA CARENS" маркалы көлікті тізгіндеген 31 жастағы жүргізуші Б.Момышұлы көшесімен Тәуелсіздік даңғылына қарай келе жатып, Сәтбаев көшесімен қиылысқа жеткенде рульге ие бола алмай қалған. Соның салдарына көлік көше шамы бағанын құлатып, одан кейін аялдама алаңына кіріп кеткен.

"Абырой болғанда сол сәтте автобус аялдамасында ешкім болмаған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Жүргізушіге химиялық-токсикологиялық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", –  деді департаменттен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу