Елордада жеңілдетілген ипотека бойынша құжат қабылдау басталды

929

 Елордада жеңілдетілген ипотека бойынша құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Елордада жеңілдетілген ипотека бойынша құжат қабылдау басталды

 Ол 16-шы тамызға дейін жалғасады. Қатысушыларға қойылатын талаптартарға тоқталайын. Несиені алу үшін азамат әкімдік кезегінде тұруы шарт. Сондай-ақ, "Отбасы" банкінің салымшысы болуы тиіс. Бұған қоса, бір отбасы мүшесіне шаққандағы табыс 126 мың 917 теңгеден аспауы керек. Бастысы өтінім беруші "Отбасы банкіндегі" төлем қабілеттілігін растауы қажет. Ал іріктеу  кезекте тұрған тізімге сәйкес жүргізіледі. Несиелеу шарттарына келетін болсақ, ақша жылдық мөлшерлемесі 5%-бен 20 жылға дейін беріледі. Ипотеканы рәсімдеу үшін  баспана құнының 10%-ын бастапқы жарна ретінде құю қажет. Банк арқылы берілетін барлығы 576 пәтер бар. Оның 72-сі 3 бөлмелі, 144-і 2 бөлмелі, қалған 360-ы 1 бөлмелі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу