Елордада жеңілдікпен берілетін пәтер саны 10 мыңға жеткізіледі

964

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында былтыр Отбасы банкі елордада 11 мыңға жуық пәтер үлестірген болса, биыл бұл көрсеткіш арттырылатынын мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордада жеңілдікпен берілетін пәтер саны 10 мыңға жеткізіледі

"Отбасы банкінің (Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) түрлі мемлекеттік бағдарламалары баспана мәселесін шешудің тиімді тетіктерінің бірі. Оның ішінде "Бақытты отбасы", "Шаңырақ" (5-10-20) бағдарламалары да бар. Бүгін ұйым басшылығымен осы жылға арналған жоспарлар талқыланды. Былтыр Отбасы банкі елордада 11 мыңға жуық пәтер үлестірген болса, биыл бірлесе отырып бұл көрсеткішті арттырамыз",– деп жазды елорда әкімі.

Сонымен қатар, ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қолжетімді тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатқанын атап өтті. 2019 жылы 2 900 пәтер салынса, 2020 жылы 8 мың пәтер салыныпты.

"Биыл жеңілдікпен берілетін пәтер санын 10 мыңға ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Пәтерді халықтың әлеуметтік әлсіз топтарынан басқа Отбасы банкінде кезекте тұрғандар да ала алады. Сондай-ақ, қаңтар айында, жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бойынша 350 пәтер береміз. Жыл соңына дейін тағы 1 мыңнан астам пәтер беріледі. Қолжетімді тұрғын үй құрылысы бойынша жұмыстарды жүйелі негізде жүргізіп жатырмыз", — дейді Алтай Көлгінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу