Астанада "Ерлік жайлы естеліктер" атты мерекелік концерт-спектакль өтті, деп жазады inbusiness.kz.
Бейбітшілік және келісім сарайында өткен мерекелік концертке Халық қаһармандары – Бақытжан Ертаев пен Айдын Айымбетов және Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Астана қалалық мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов және т.б. қатысты.
Ақпаратқа сәйкес, концертте елге танымал әншілер Роза Рымбаева, Жеңіс Ысқақова, Медет Салықов пен Клара Төленбаева, Айгүл Қосанова өнер көрсетті.
Мерекелік кеш барысында сұрапыл соғыс жылдарындағы ержүрек жауынгерлердің ерлігі мен тылдағы қарапайым еңбек адамдарының тағдыры сипатталып, ардагерлерге құрмет көрсету, тарихқа тағзым ету, бейбітшілікті сақтау сияқты құндылықтар дәріптелді.
Концертте театрландырылған қойылымдар да қойылды.