Өрт сөндірушілер қазір тілсіз жаумен күресіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Бүгін сағат 17.47 уақытында "101" пультіне Жангелдин көшесі, 31/4 мекенжайындағы жер үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері оқиға орнына 4 минутта жетті. Өрт сөндірушілер келген кезде қызыл жалын едәуір үдеп кеткен еді. Белгілі болғандай, газ баллоны жарылып, артынша тілсіз жау сол үйдің жанындағы коттеджді де шарпып кеткен" деп хабарлайды департаменттен.
Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер өртті сөндіріп жатыр. Тілсіз жауды ауыздықтауға қосымша күш те жұмылдырылған. Зардап шеккендер жоқ.