Елордада Жетіген көшесінің учаскесі жартылай жабылды

631

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Жетіген көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада Жетіген көшесінің учаскесі жартылай жабылды

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жетіген көшесінде Досмұхамедұлы көшесінен Алаш тас жолына дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты, биылғы жылдың 15-25 қазан аралығында мұнда автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады. 

"Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет", – деп ескертеді көлік басқармасынан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу