Елордада жиһаз цехы өртенді

430

Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 54 адам және 12 бірлік техника жұмылдырылған.

Елордада жиһаз цехы өртенді Фото: ТЖМ

Астанада жиһаз цехы өртке оранды, өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"08-44-те Астана қаласында ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Көктал көшесі бойынша жоғары дәрежеде шақырылды. Елордалық өрт сөндірушілер өртті дереу сөндіруге кірісті. Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы ұйымдастырылған. Алдын ала ауданы 500 ш.м." - делінген ТЖМ хабарлмасында.

Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 54 адам және 12 бірлік техника және апаттар медицинасы орталығының 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу