Нұр-Сұлтан қаласының тәртіп сақшылары үш күн бұрын үйінен шығып кеткен 14 жастағы баланы тапты, деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті.
"Елордалық полиция қызмектерлері кәмелетке толмаған баланы табу үшін тиісті шараларды қабылдап, іздестіру жұмыстарын жүргізді. 21 қаңтарда учаскелік полиция инспекторы Абзал Әділбаев жоғалған жасөспірімді елордадағы тамақтандыруға арналған орындардың бірінен тауып алды. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған бала анасына тапсырылды. Әйелдің айтуынша, ұлы бұрын да үйінен қашып кетіп жүрген. Сабақтан да жиі қалады", – деп хабарлады қалалық Полиция департаментінен.
Жасөспірімдер ісі жөніндегі полиция баланың заңды өкілдерімен әңгімелесіп, аталмыш фактінің қайталанбауы керектігін ескертті.