Елордада жоғалып кеткен жасөспірім қыздар Алматыдан табылды

217

Қыздардың ата-аналарына тиісті жауапкершілік қарастырылады. 

Елордада жоғалып кеткен жасөспірім қыздар Алматыдан табылды Фото: Астана ПД

Астана тұрғыны полицияға кәмелетке толмаған қызы мен жиенінің жоғалып кеткені туралы арызданған. Жеке құрам бірден балаларды іздеу жұмыстарына жұмылдырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

15 жастағы жеткіншектердің Indraiver-мен Алматыға жолға шыққан. Шаһарға жеткен соң жалдамалы пәтерде түнеп шыққан. Полиция екі қызды келесі күні таңертең қаланы аралап жүрген жерінен тауып алған.

Жедел іздестіру шаралары барысында Сарыарқа аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жоғалған жасөспірімдерді ата-аналары келгенше бейімдеу орталығына орналастырды. Жеткіншектермен және олардың ата-аналарының қатысуымен алдағы уақытта мұндай оқиғалардың алдын алу жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізіледі.

“Астана қаласы ПД ата-аналарға баланың мінез-құлқын бақылау қажеттігін айтып, олардың тәрбиелік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тиісті жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді”, – делінген полиция мәлімдемесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу