Елордада жоғары вольтты кабельді ұрлаған адамдар ұсталды

870

Оқиға 21 желтоқсан 2019 жылы таңғы сағат 6-да орын алды.  

Елордада жоғары вольтты кабельді ұрлаған адамдар ұсталды

Нұр-сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, қала көшелерін Ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлескен патрульдеу барысында жоғары вольтты кабель ұрлауға әрекет жасаған төрт адамды ұстауға әскери полиция қызметкерлеріне алғыс хат табыстады, деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігің баспасөз қызметі.

Патрульдеу бағытында әскери полицияның аға лейтенанты Айдос Сәдуов күдікті адамдар тобын байқаған. Екі адам жол бойында тұрған "Газель" маркалы автокөлігіне қарай барса, екі адам шахтадан жоғары вольтты кабелді жеткізді, ол кейіннен жоғарыда аталған автокөлікке тиелді.

Әскери қызметші жағдайды бақылай отырып, әскери автомобиль полициясының жүргізушісі сержант Жандос Шаймардиновқа "Газелді" бұғаттауға команда берді, ал өзі ұрыларды жүгіртіп ұстауды жүргізді. Әскери қызметші 102 патрульді шақыртып, одан кейін күдіктілер Алматы аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның бірнеше өңірінде құқық тәртібін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында әскери полиция органдары, әскери қызметшілер мен ҚР Ішкі істер министрлігінің бөлімшелері бірлесіп патрульдеу ұйымдастырылған. Патрульдеу бағыттары криминогендік жағдайды, әскери бөлімдердің, көңіл көтеру орындарының орналасу орындарын, сондай-ақ әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері жинақы тұратын аудандарды ескере отырып әзірленді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу