Елордада жоқ пәтерлерді жалға берген түркістандық тұрғын ұсталды

396

Алаяқ 15 мың теңге көлемінде алдын-ала төлем алған. 

Елордада жоқ пәтерлерді жалға берген түркістандық тұрғын ұсталды Фото: freepik.com

Есіл аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны арызданып, белгісіз бір азаматтың пәтерін жалдаймын деп, алданып қалғандығын және 15 мың теңге көлемінде алдын-ала төлем жасағандығын айтқан.  Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 30 жасар Түркістан облысының тұрғынын қолға түсірді.  

– Көркі көз қуантатын, елорданың сол жағалауында орналасқан пәтерлерді әдемі суреттермен, әрі  арзан бағаға жалға беру туралы сайтқа хабарландырулар орналастырған. Қызығушылық танытқандарға жігіт банк картасының деректемелерін жіберіп, алдын ала төлем жіберуді сұраған мәлімет бойынша, анықталған азаматтың қылмыстық қулығына кем дегенде 19 адам түскен, олар алаяқтық туралы полицияға ресми түрде арызданды, – дейді Есіл ауданы полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің бастығы Мұрат Абшекенов.

Тергеу барысында белгілі болғаны, анықталған азамат интернет желісі арқылы елорда тұрғындарын алдап,  10 мыңнан 50 мыңға дейінгі көлемде алдын-ала төлемдерін алып, кейін ұялы телефонын өшіріп тастап отырған. Полиция қызметкерлері алаяқтың арбауына түскендердің саны көбеюі мүмкін дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу