Елордада жолаушылар автобусынан өрт шықты

988

Өрттің себебі әзірге анықталған жоқ.

Елордада жолаушылар автобусынан өрт шықты

Елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайының маңында №12 қоғамдық көліктен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бүгін таңертеңгі сағат 9-да халықаралық әуежайдың вокзал маңындағы аумағында №12 автобустан өрт шықты. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ", – деп жазады Facebook парақшасында "Астана ЛРТ" компаниясының баспасөз хатшысы Науат Азанбаева.

Компанияның баспасөз хатшысы аталмыш оқиғаның мән-жайы жуық арада хабарланатынын жеткізді.

Бірер минуттан кейін хабар берген Науат Азанбаеваның айтуынша, жүргізуші "сырт" еткен дыбысты естіген. Осыдан кейін автобуста өрт лап ете түскен.

"Жүргізуші өз күшімен тілсіз жауды ауыздықтамақ болған. Алайда ол қолынан келмепті. Осыдан кейін ол өрт сөндіру қызметін шақырған. Оқиға орнына автобустан өрттің неліктен шыққанын анықтау үшін арнайы лаборатория мамандары жіберілді", – дейді Науат Азанбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу