Елордада ЖРВИ-мен ауырып жатқандар көбейді

344

Вирустық инфекциялар мен тұмаудың эпидемиялық маусымы қыркүйектің аяғында басталған. 

Елордада ЖРВИ-мен ауырып жатқандар көбейді Фото: Inbusiness.kz

"Жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) – ауа тамшылы жолмен таралатын, дене температурасының жоғарылауымен, интоксикация белгілерімен және тыныс алу жолдарының әр түрлі бөлімдерінің зақымдалуымен жүретін және түрлі вирустармен шақырылатын ауру түрі", - деді Астана медицина университеті балалар жұқпалы аурулары кафедрасының доценті Баян Тұрдалина Астана қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Қыркүйектің басында елорда тұрғындары арасында 12 876 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Былтыр 7 146 жағдай тіркелген, демек биыл 44%-ға артқан.

"Барлық топтағы адамдарда ЖРВИ-ға тән ортақ белгілер бар. Ауру қоздырғыштары ағзаға ауа-тамшы жолдары және тыныс алу арқылы енеді. ЖРВИ кезінде алдымен тыныс алу ағзалары зардап шегеді. ЖРВИ жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде ауа арқылы науқас адаммен байланыс жасаған кезде жұғады", - деді Баян Тұрдалина.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу