Елордада жүгіру маусымы ашылды

540

Елордада жүгіру маусымы 5 км қашықтыққа арналған ASTANA RUN іс-шарасымен ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада жүгіру маусымы ашылды Фото: Астана қаласы әкімдігі

16 жастан 60 жасқа дейінгі және одан жоғары жас санаттарында 350-ден астам әуесқой жарысқа шықты.

Жарыс алдында ұжымдық жаттығулар өткізілді.

"Мен елордада тұрамын, бүгін ASTANA RUN-ға қатысқалы тұрмын. Көңіл-күйім керемет. Жарысқа қатысқан елорданың барлық тұрғындарына сәттілік, керемет көңіл-күй тілеймін!" – деді Астана тұрғыны Әлия Нұрғалиева.

Спортшыларға мәре сызығында медаль тапсырылды.

"Жарыс күні ауа райы керемет болды. Жарысқа 350-ге жуық әуесқой спортшы қатысты. Қатысушыларға тәттілер, сусын, ыстық шай және ең бастысы, күрес және ресми нәтиже. Міне осының бәрі маусымның алғашқы жарысында болды. Барлық қатысушыларға, қалалық қызметтерге, медицина қызметкерлеріне, еріктілерге, серіктестерге алғыс айтамыз. Олардың көмегінсіз бүгінгі іс-шара жоғары деңгейде өтпес еді", деді қалалық триатлон федерациясының президенті Евгений Болгерт айтты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер барлық жас санаттарындағы ерлер мен әйелдер арасында үздік нәтиже бойынша анықталды. Олар медальдармен, дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Айта кетейік, іс-шарадағы қауіпсіздік жедел медициналық жәрдем машиналарының кезекшілігімен және құқықтық тәртіп сақшыларымен қамтамасыз етілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу