Елордада журналистерге арналған "English speaking club" ашылды

1097

Енді БАҚ өкілдері ағылшын тілінде сөйлеу дағдысы жетілдіре алады. 

Елордада журналистерге арналған "English speaking club" ашылды

Мақсұт Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, "English speaking club" ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын жетілдіруге мүмкіндік беретін әлеуметтік жоба болып саналады. Онда ағылшын тілінің білікті мамандары жұмыс істейді.

Клуб Cambridge English, Macmillan Academy, National Geographic Publishing, Pearson Education Ltd, Oxford English бағдарламасының үздік тәжірибесін пайдаланады.

"Жобаның оқыту әдістемесі коммуникативті тәсілге негізделген. Бұл журналистерге ағылшын тілінде еркін сөйлеп, пікір алмасуға мүмкіндік береді. Клубтың бейресми кездесулері аптасына 2 рет онлайн және офлайн форматта өткізіледі", - деді жоба жетекшісі Айгерім Шайхеслямова.  

Сондай-ақ ол клубқа іріктеу аяқталғанын, осы аптада алғашқы кездесу өтетінін атап өтті.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу