"Барыс Арена" спорт кешенінде өтіп жатқан жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан 300-ден астам спортшы қатысуда. 2006-2007 ж.т. және одан кіші спортшылар жүзуден бірнеше санат бойынша өзара мықтыны анықтайды.
Атап айтсақ, құлаштап жүзу, брасс, баттерфляй және эстафета бойынша үздіктер анықталады.
Байрақты бәсеке төрт күнге созылып, сәуірдің 30-да өз мәресіне жетеді. Топ жарған спортшылар аталмыш жарыста өздерінің спорттық разрядтарын арттыруға мүмкіндік алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу