Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Жыл басынан бері барлық ауданда ғимараттардың қасбетінен үш мыңнан астам жарнамалық билборд, маңдайша мен дөңгелекті жарнамалар алынып тасталды. Биылғы тамыз айында қалада 636 жарнамалық элемент анықталды. Үш мыңнан астам маңдайша мен сыртқы жарнама элементі бөлшектелген", - делінген хабарламада.
Әкімдіктің мәліметінше, ғимараттардың қасбетінен сәйкес келмейтін жарнамалық белгілер мен баннерлер алынып тасталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу