Елордада жылу беру 4 мамырда тоқтатылады

755

Қазіргі уақытта елордада жылыту маусымы штаттық режимде өтуде.

Елордада жылу беру 4 мамырда тоқтатылады

Қазіргі уақытта елордада жылыту маусымы штаттық режимде өтуде, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, егер көшедегі ауа температурасы 5 тәулік бойы 10 градустан жоғары болса, жылу беру тоқтатылады. 

"Қазіргі уақытта елордада жылыту маусымы штаттық режимде өтуде. Қаланың энергетикалық компанияларының үйлесімді жұмысының арқасында жылу беру кезінде елеулі апаттар мен 1-ші дәрежелі істен шығу оқиғалары болған жоқ. Бұл мәселе күн сайын бақылауда тұр. Жылу беру кезеңі 2019 жылдың 4 мамырында аяқталады", – делінген ведомствоның хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу