Елорда әкімдігі жылы аялдамалар санын көбейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов өзінің Facebook-тегі парақшасында.
"Бүгін қаладағы жылы аялдамалардың бірқатарына бардым. Жылуы жоқ аялдамалар анықталады. Соның бірі – Республика даңғылымен қиылысатын Сейфуллин көшесіндегі "Жастар сарайы" аялдамасы. Қала бойынша осындай аялдамаларды тексеріп шығу аудан әкімдеріне тапсырылды. Жылуы істемей тұрған аялдамаларды байқап жатсаңыздар нақты орналасқан жерін айтуларыңызды сұраймын", – деп жазды елорда әкімі.
Сонымен қатар ол қала тұрғындарына жайлы болуы үшін жылы аялдамаларды көбірек салуды жоспарлап отырғандарын айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу