Елордадағы №30 мектеп-гимназиясы 40 жылда алғаш рет жөнделіп жатыр

1129

Қала әкімі Алтай Көлгінов қаладағы екі мектептің жөндеу жұмыстарымен танысты.  

Елордадағы №30 мектеп-гимназиясы 40 жылда алғаш рет жөнделіп жатыр

№30 мектеп-гимназиясы 40 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді, мекемеде күрделі жөндеу жұмыстары бірінші рет жүргізілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мектепте ғимаратының қасбеті жөнделіп, терезелер, есіктер ауыстырылды, қабырғалар тегістелді, желдеткіш орнатылды. Сондай-ақ, мектеп шатырын жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Сонымен қатар сумен қамтамасыз ету, электр жүйелері ретке келтірілді, өрт дабылы орнатылды.

Осындай жұмыстар № 32 мектеп-гимназиясында да жүргізілді. Сондай-ақ, мердігерлер ғимараттың барлық батареяларын, жарықтандыру шамдарын мен едендерді ауыстырды. Мектеп аумағында қысқы уақытта спортпен шұғылдану үшін хоккей корты бар.

Айта кетсек, қалада барлығы 108 мектеп бар. Орташа жөндеу жұмыстары 24 мектепте, ал күрделі жөндеу жұмыстары 8 мектепте жүргізілуде. Алдағы 5 жылға 40 білім беру нысанының құрылысы жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу