Елордадағы Ақбұлақ бұлағында су бетін санитарлық тазарту жұмысы жүріп жатыр

452

545 тонна арамшөптер мен қоқыс шығарылды.

Елордадағы Ақбұлақ бұлағында су бетін санитарлық тазарту жұмысы жүріп жатыр Фото: gov.kz

Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы Ақбұлақ бұлағының су бетінде санитарлық тазарту жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Мердігер ұйым күн сайын таңертеңнен кешке дейін су бетін санитарлық тазалауды, өзен арнасының жағалау аумағын тұрмыстық қоқыстан тазартады.

Ақбұлақтың Аман көшесінен Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі учаске бойында 21 мың ш.м. алаңда су бетін санитарлық тазалау, арамшөпті өсімдіктерді (қамыс пен шөпті) шабу жұмысы жүргізілді.

Айта кетерлігі, Ақбұлақ бұлағының жағалауы тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартылып, елордалық полигонға 545 тоннадан астам арамшөптер (қамыс, балдырлар, шөптер және т.б.) мен қоқыс жиналып, шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу