Елордадағы Алматы ауданының әкімі қызметінен кетті

751

Ол бұл лауазымда 3,5 жыл қызмет атқарған. 

Елордадағы Алматы ауданының әкімі қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан қаласындағы Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол басқа қызметке ауысына байланысты Алматы ауданының әкімі ретіндегі қызметін тоқтатқан. Ол бұл лауазымда 3,5 жыл қызмет атқарған.

Бұл туралы Әділбек Сәрсембаев Facebook парақшасында: "Күнделікті, біз әріптестерімізбен ауданымызды жақсы жағынан көрсетуге тырыстық, халықпен кездестік, аудан аумағын жұмыс бабымен араладық, іс-шаралар өткіздік. Тұрғындармен жақсы байланыс орната алғанымды мақтан тұтамын, біз тұрғындарды мазалаған мәселелерді білдік және тұрғындардың қажетсінуіне сүйене отырып шешімдер қабылдадық. Осы уақыт ішінде тұрғындар алдында бірнеше мәрте есеп бердім, ісжүзінде тұрғындардың барлық өтінішін орындадым, бірақ, олардың басында біраз шешілмеген проблемалар қалды, аппарат ұжымының жұмыс істейтініне және бұл мәселелерді шешетіндігіне сенімдімін", - деп жазды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу