"Нұр-Сұлтандағы "Артем" базары мен Алматыдағы Көк базар жұмадан дүйсенбіге дейін жабылады", – деп хабар таратты kaztag.kz.
"Бүгін сағат 15.00-ге дейін жұмыс істейміз, ал ертең және арғы күні жұмыс істемейміз, дүйсенбіде сағат 10.00-де ашыламыз", – деп мәлімдеген "Артем" базарының әкімшілігі.
Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімдігінің коронавирус ахуалына арналған ресми Telegram каналы Көк базардың жабылатынын хабарлады.
"Бүгін, 25 қыркүйек күні Көк базар 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Базарды жабу туралы нұсқау қала әкімдігінің өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасынан келіп түсті. Мағынасы – жалға алушылардың және базардың материалдық ресурстарының қауіпсіздігі", – делінген хабарламада.
Көк базар жұмысын 28 қыркүйекте күні қайта жалғастырады деп күтілуде.