Алдын ала ақпарат бойынша бүгін сағат 09:42-де Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Әл-Фараби даңғылы, 28 мекенжайы бойынша өрт туралы келіп түскен хабарламаға шұғыл аттанған.
"Өрт сөндірушілер шақыру орнына 6 минуттың ішінде келді. Олар жеткенде "Астықжан" сауда орталығының 3-қабаттындағы жиһаз салоны жанып жатқан. Алдын ала ақпарат бойынша зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазір елордалық 76 өрт сөндіруші мен 19 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндіру орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды", – деп жазылған департаменттің дерегінде.