"Астықжан" сауда үйінің жиһаз салонындағы өрттен келген залалдың шығынын анықтау үшін әкімдік пен сауда нысаны өкілдерінен жедел штаб құрылды.
Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 292 бабы (Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Өрт-техникалық сараптама тағайындалды", – деп жазады департаменттің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, бүгін таңертең Елордадағы "Астықжан" сау орталығының жиһаз салонынан өрт шықты.
Өрт сөндірілген. Қазіргі мәлімет бойынша төтенше оқиға салдарынан жиһаз цехының 20 жастағы қызметкері зардап шеккен.