Елордадағы автобустар 12 мамырда жүре бастайды

693

Тұрғындар санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қоғамдық көлікте де сақтауы тиіс.  

Елордадағы автобустар 12 мамырда жүре бастайды

11 мамырда өткен онлайн баспасөз мәслихатында Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен осындай мәлімдеме жасады.

"Бүгін мемлекет басшысы қоғамдық көліктер жұмысының басталуына тоқталған болатын. Ертеңнен бастап біз қаладағы қоғамдық көліктің жұмысын толығымен бастатамыз. Қозғалыс бағыты туралы ақпарат БАҚ өкілдеріне хабарлаймыз. Ең бастысы барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды тек қоғамдық орындарда емес, сонымен қатар қоғамдық көліктерде сақтау керек. Тұрғындар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автобус парктерінің басшылығы жұмыс атқарып жатыр", – деді Мәкен.

Ескере кететін жайт, 11 мамырдан бастап қаладағы саябақтар ашылған болатын. Қала әкімінің орынбасары тұрғындарға санитарлық нормаларды сақтай отырып серуендеу керектігін ескертті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу