Еске салайын, жуырда Мусин құпия клиент кейпінде бас қаладағы "АвтоЦОН"-ға тексеріспен барған. Оның нәтижесін фейсбуктегі парақшасында жариялады. Сөйтіп министр теориялық және практикалық тест тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін 3 минутта сатып алуға болатынына көз жеткізген.
Осыдан кейін жауаптылар ес жиса керек, бүгінде Нұр-Сұлтанда жүргізуші куәлігін беру көрсеткіші 90 пайызға азайған.
Алайда орталық басшысы жазадан құтылып кете алмады. Мұндай фактілердің жолын кесуді жалғастырамыз деген Мусин болса, халыққа қызмет көрсету орталықтарында қаптаған көмекші-сымақтармен қалай күрсетінін айтты.