Елордадағы Байтұрсынов көшесіндегі учаске ішінара жабылады

198

Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да бір жағынан жүзеге асырылатын болады.

Елордадағы Байтұрсынов көшесіндегі учаске ішінара жабылады Фото: Астана әкімдігі

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қ.Аманжолов көшесі жағынан Тәуелсіздік даңғылына қарай А. Байтұрсынов көшесіндегі шағын учаскесіне жол жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Елорда әкімдігі ресми сайтының хабарауынша, жол жөндеу жұмыстарына байланысты 27 маусым күні сағат 21:00-ден 28 маусым сағат 09:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады.

Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да бір жағынан жүзеге асырылатын болады.

Мекеме қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдағы кептелісті болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу