Елордадағы балалар үйінен өрт шықты

800

Елордадағы балалар үйінен өрт шықты

Астана қалалық білім басқармасы балалар үйінде шыққан өртке қатысты тың деректермен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
Басқарма мәліметінше, балалар үйінде 89 тәрбиеленуші бар. Олар 6 коттеджде тұрады.

"Өрт шыққан кезде 10 бала әкімшілік ғимараттағы үйірмеде болған және олар бірден қауіпсіз жерге шығарылды. Балалардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Ал қалған балалар мектепте сабақта болған", - дейді басқармадағылар.

Еске сала кетсек, бүгін елордадағы №1 балалар үйінен өрт шықты. Өрт сағат 12:43-те сөндірілді. Шамамен 30 шаршы метр жерді шарпыған жалынды сөндіруге Астана өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 40 қызметкері және 8 техникасы жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу