Елордадағы барлық әуе рейстері тоқтатылды

1037

Еліміздің 9 облысында жолдар жабылды.

Елордадағы барлық әуе рейстері тоқтатылды

Елордада әуежайындағы барлық рейс тоқтатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының баспасөз хатшысы Жеңіс Ахметжановқа сілтеме жасап хабарлайды.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты әуежайдағы барлық рейстер белгісіз уақытқа тоқтатылды", – деді Жеңіс Ахметжанов.

Еске салсақ, елордада ақтүтек боранға байланысты ТЖД ескерту жасады.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 27 қаңтар күні Нұр-Сұлтанда қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20, кей жерде 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Айта кетсек, елордадағы ақтүтек боран 22 қаңтардан 23 қаңтарға қараған түні басталған еді. Ақ түтек боран мен қалың қар қалада қозғалысты ауырлатып жіберді.

Сондай-ақ, бүгін қала мектептерінің бірінші және екінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждің барлық курс студенттеріне сабақ болмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу