Елорда тұрғындары мен қонақтары жол жүру бағытын алдын-ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Көшелер мен жолдарды жөндеу жұмыстары Бейбітшілік көшесі бойымен Есенберлин көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі учаскелерде жоспарлануда. Осыған байланысты 20-23 шілде аралығында аталған учаскедегі қозғалыс толық тоқтатылады", – деп жазылған қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу