Бұл туралы ҚР ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"6 тамыз күні сағат 03:49-да Нұр-Сұлтан қаласының "101" пультіне Байқоңыр ауданының Алаш көшесінде орналасқан "Big Шанхай" базарында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер жеткен 03 сағат 57 минутта "Ярмарка" азық-түлік павильонында халық тұтынатын тауарлар орналасқан 30 дүңгіршек жанып жатқаны анықталды. Құтқарушылардың күшімен 04:35-те жалынның таралуы тоқтатылып, 05:08-де толығымен ауыздықталды", – деді ресми өкіл.
Тілсіз жау 500 шаршы метр аумақты шарпыған.
"Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 44 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды", – деп толықтырды Н.Нұрахметов.