Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов елдегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Соның бірі – оқыту мен жаттығуларды қолдану.
"Біз халықты төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет етуге үйретеміз. Мысалы, тұрғындарды іс жүзінде эвакуациялай отырып, көп қабатты үйлерде шартты түрде өрт болған жаттығулар өткіземіз. Республика бойынша барлығы 250-ден астам осындай оқу-жаттығулар өткізілді. Астана қаласының зәулім үйлеріндегі тұрғындарды эвакуациялауға тікұшақ қолдана отырып, жаттығу өткізуді алғаш рет жоспарлап отырмыз. Жүргізіліп жатқан жұмыстар азаматтарды өрт кезінде өзін-өзі құтқару дағдыларына кезең-кезеңімен үйретеді, осылайша қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыратын боламыз", – деді ТЖМ басшысы Үкімет отырысында.