Шамамен сағат 13:30-да Нұр - Сұлтандағы International Business Center-дің жерасты көлік тұрағын қызыл жалын шарпып, біраз адамды эвакуациялауға тура келді. Бұл туралы inbusiness.kz порталына куәгерлер хабарлаған.
Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен арнайы мамандар келді.
Бизнес орталықта жұмыс істейтін барлық қызметкер эвакуацияланды. Аталған нысанда "Халық банк", "KMG Drilling & Services" және "Media Holding "ATAMEKEN BUSINESS" ЖШС-нің кеңселері бар. Қызметкерлерді эвакуациялау барысында ғимаратта ара тұра жарық өшіп қала берген.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу