Елордадағы электровоздар зауытын француздық топ-менеджер басқаратын болды

845

Кристиан Мартинати есімді француздық топ-менеджер Нұр-Сұлтан қаласындағы электровоздар зауытына жетекшілік етеді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Елордадағы электровоздар зауытын француздық топ-менеджер басқаратын болды

"Alstom компаниясы Кристиан Мартинатиді ""Электровоз құрастыру зауыты" компаниясының бас директорлығына тағайындады. Бұл лауазымда Кристиан Мартинати төрт жыл бойы зауытты басқарған Жюльен Нодиді алмастырады", – деп хабарлады бүгін Alstom.

Компанияның хабарлауынша, Мартинатидің көлік құрау саласында 20 жылдық тәжірибесі бар. "Әртүрлі елде мобильдік салада оның тәжірибесі өте мол" делінген хабарламада.

"Мартинати осы жылдың басында Bombardier Transportation компаниясы сатылып алынғаннан кейін Alstom қатарына қосылды. Бұрынғы лауазымында Кристиан Франциядағы Креспене зауытында өндірісті басқару ісіне жауапты болған. Одан бұрын Кристиан Швейцариядағы Вильнев технологиялық бөліміне жетекшілік еткен. 2011 жылдан бастап 2013 жылға дейін ол Астанада технологияларды беру бөлімінің басшысы, содан кейін ЭКЗ өндіріс жөніндегі директор қызметін атқарды. Ол сонымен қатар Ресейдің Саратовында еңбек етіп, локомотивтердің өндірісі жөніндегі зауытты пайдалануға беру ісіне жауап берген", – делінген хабарламада.

Alstom компаниясы Қазақстанда екі өндіріс ошағымен танымал: бірі – Нұр-Сұлтанда электровоздарды өндіретін және оларға қызмет көрсететін ЭКЗ болса, екіншісі Алматыда бағыттамалы жетек шығаратын "ҚазЭлектроПривод" (КЭП) зауыты. Alstom компаниясының бас кеңсесі Францияда орналасқан. Компанияның өткен жылғы жиынтық табысы 14 млрд еуроға жеткен.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу