Астанадағы емханаларда Face ID жүйесі енгізілді

198

Жоба пилоттық режимде іске қосылған. 

Астанадағы емханаларда Face ID жүйесі енгізілді Фото: canva.com

Елордадағы емханаларда биометриялық тексеріс жүйесі жұмыс істейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тамыз айының аяғынан бастап, ең алғаш рет біздің орталыққа Face ID енгізді. Оның көмегімен біз науқас нақты түрде қабылдауда болды ма, болмады ма, соны анықтайды. Face ID бар болғандықтан, науқас мен қабылдауда болғаным жоқ деп айта алмайды. Суретке түсіріп, расталғаннан кейін "запись" түсіріледі, – дейді Республикалық алғашқы көмек көрсету орталығы профилактика бөлімінің меңгерушісі Жансая Қалилаева.

Тамыздан бастап 2024 жылдың соңына дейін елордалық 48 емханада жұмыс істеп тұр. Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылдан бастап республиканың барлық емханаларына осындай жүйені енгізбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу