Елордадағы EXPO орталығында балалар тауарларының жәрмеңкесі өтеді

548

Елордада 17-21 тамыз күндері EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында алғаш рет балалар тауарларының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордадағы EXPO орталығында балалар тауарларының жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңке тақырыбы: білім беру, хобби, демалыс, балалар мәдениеті (журналдар, кітаптар және музыка), ойындар әлемі (ойыншықтар, ойындар және қолдан жасалған бұйымдар), балалар сәні мен киімдері, керек-жарақтар мен аксессуарлар және басқа да бағыттар. Мәлім етілгендей, "Kids EXPO. Балалар әлемі" жәрмеңкесі балалар тауарлары мен қызметі нарығындағы көшбасшыларды біріктіретін мінсіз платформа.

Іс-шараға қатысудың басты артықшылығы – экспоненттер мен келушілер үшін арнайы іскерлік және мәдени іс-шаралар бағдарламасы ұйымдастырылады. Онда қазақстандық және халықаралық сарапшылармен пікірталас алаңдары, оқыту тренингтері мен шеберлік сабақтар, концерттік бағдарлама, балалар мен мектеп киімдерінің көрсетілімдері ұйымдастырылады.

Жәрмеңкені жыл сайын өткізу жоспарланып отыр. Тіркеуден өтуге және толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады: www.expokids.kz.

Шараны елорда әкімдігінің қолдауымен "QazExpoCongress" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы ұйымдастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу