Елордада газ тарифінің құны бекітілді, деп хабарлайды Atameken Business.
Текше метрі 34,6 теңгеден шыққан. Жазда алдын ала ұсынылған бағадан 9 теңгеге төмен. Естеріңізде болса, бұған дейін "Қазтрансгаз" компаниясының мың текше метр газды 16 мың теңгеге тасымалдауға дайын екенін хабарлаған едік. Сондай-ақ бас қалаға табиғи газдың келуі – экологиялық жағдайды жақсартатынын айтып кеткен жөн. Жылу науқаны қосылғанда жиі болатын өрт фактілерінің санын азайтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу