Елордадағы Қабанбай батыр даңғылын қайта құрылымдау шамамен 89 млрд теңге тұрады

992

Жобадағы жол құрылысы жұмыстары тек 20%-ды құрайды.  

Елордадағы Қабанбай батыр даңғылын қайта құрылымдау шамамен 89 млрд теңге тұрады

"QazAvtoJol" ұлттық компаниясының Торапты даму департаментінің директоры Жамбыл Бақтияр еліміздегі жолдардың құрылысы мен қайта құрылымдау қалай жүзеге асып жатқаны жайлы айтты.

"Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі бастамасымен елордадағы Қабанбай батыр даңғылын қайта құрылымдау ұсынылды. Әкімдік техникалық-экономикалық негіздемесін әзірледі. Алдын ала есеп бойынша бұл жобаның құны шамамен 89 млрд теңге болады. Алайда жол құрылысы жұмыстары тек 20%-ды құрайды. Қалғаны коммуникацияны ауыстыру, көгалдандыру және тағы сол сияқты жұмыстар. Өйткені көше бойында жаңадан ғимараттар салынып жатқандықтан, коммуникация тораптарын күшейтіп, жаңарту қажет", – дейді департамент директоры.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу