Елордадағы Қабанбай, Тұран даңғылдарына көлік кептелісі күшейеді

431

Қалалық полиция үндеу жасады.

Елордадағы Қабанбай, Тұран даңғылдарына көлік кептелісі күшейеді Фото: vesti.kz

Елорданың полиция департаменті Қазақстан және Финляндия құрамаларының арасындағы футбол матчына байланысты көлік иелеріне кешкі маршруттарын алдын ала жоспарлауға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Астана қаласының полиция департаменті 7 қыркүйек күні "Астана Арена" стадионында Қазақстан мен Финляндия арасында футболдан өтетін кездесуге байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік үшін Тұран және Қабанбай даңғылдарында көлік тығыны болуы ықтимал екенін ескеріп, маршрутты алдын ала жоспарлауға кеңес береді", - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Әкімдік осы матчқа арнап қосымша қоғамдық көлік ұйымдастырып отыр.

"Стадионның көлік тұрағына бағытталған қозғалыс шектеледі. Астананың халықаралық әуежайы аумағына баратын сапарды алдын ала жоспарлауға кеңес береміз. 

Құрметті жанкүйерлер! Садион аумағына пластик және шыны құты, тесетін, кесетін құрал, оқ ататын қару мен пиротехника заттарын алып кіруге тыйым салынады. 

Алкоголь, есірткі заттарын, шылым қоспаларын тұтынуға, қоқыс тастауға арналмаған жерге қоқыс қалдыруға қатаң тыйым салынады", делінген ресми хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу