Елордадағы карантин стационары шетелден келген жолаушыларды қабылдай бастады

605

COVID-19 зертханалық зерттеулерінің нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижесі бар адамдар жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылады, теріс нәтижесі барларға COVID-19 белгілері туралы түсіндірме жүргізіліп, үйге жіберіледі.

Елордадағы карантин стационары шетелден келген жолаушыларды қабылдай бастады

Бүгінде халықаралық рейстермен келген 150 жолаушы "Рамада Плаза" қонақүйіндегі карантин стационарына оқшаулауға алынды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

5-нен 6 қазанға қараған түні елордаға шетелден 4 рейс келді. Екі ұшақ Біріккен араб әмірлігінен, қалғаны Түркия Республикасынан. Қалаға барлығы 483 адам шетелден ұшып келді, оның 333-і COVID-19 тестінен өткені туралы куәлікпен келді. Қалған 170 адам анықтамасыз әуежайдан ауруханаға жеткізілді. Онда адамдар ПТР арқылы зертханалық зерттеулерден өтті. Олардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық.

"Мұндай шаралар бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Көктемде біз шетелден келетін жолаушыларды карантин стационарларына орналастырып, сараптама жүргіздік. Сондықтан, бұл бағытта елорданың денсаулық сақтау саласы толық дайын. Жалпы, халықаралық рейстер жолаушыларына 800 төсек-орын ұйымдастыруға дайынбыз", – дейді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 5 қазандағы Жарлығына сәйкес, дене температурасы жоғары адамдар, анықтаманың болуына қарамастан, инфекциялық стационарда оқшаулауға жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу