Елордадағы "ҚазМұнайГазға" тиесілі ғимарат аукционға шығарылатын болды

604

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы елордадағы әкімшілік кешенін сатуға қойды. Ақпарат электрондық сауда алаңында орналасқан, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Елордадағы "ҚазМұнайГазға" тиесілі ғимарат аукционға шығарылатын болды

Сатылымға төмендегі мекенжайда орналасқан ғимараттар қойылған.

Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19-үй мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 21 мың 316 шаршы метр мүліктік кешен (В, С, Е блоктарынан тұратын әкімшілік ғимарат).

Бастапқы баға – 11,727 млрд теңге.

Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 31 тамызға дейін жүзеге асырылады. Сауда-саттықтың басталуы 31 тамыз күні сағат 10.00-ге жоспарланған.

"ҚазМұнайГаз" мұнай-газ саласында мемлекет мүддесін білдіретін көмірсутектерді барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор болып табылады. Компания акцияларының 90,42%-ы "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорына, 9,58%-ы Қазақстан Ұлттық Банкіне тиесілі.

5 шілде бойынша, ресми 1 доллар бағамы – 464,16 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу