Елордадағы Кенесары көшесінің кей учаскелері уақытша жабылады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, Республика даңғылынан Жеңіс даңғылына дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
8-10 мамыр аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болмас үшін бағытын алдын ала жоспарлауы керек.
"Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз" дейді көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу