Елордадағы кезекті жәрмеңкеде 197 тоннадан астам өнім сатылатын болады

712

25 және 26 қыркүйекте "Хан Шатыр" СОО алдындағы алаңда кезекті ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Ақтөбе облысының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды inbusiness.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордадағы кезекті жәрмеңкеде 197 тоннадан астам өнім сатылатын болады

Жәрмеңкеге Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласының 12 ауданынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерімен келеді.

Барлығы 197,2 тонна өнімді сату жоспарланып отыр. Оның ішінде: еттің барлық түрі – 60 тонна, картоп пен көкөністер – 61 тонна, сүт өнімдері – 16 тонна, өсімдік майы – 1 тонна, жұмыртқа – 17,2 мың дана, балық – 5,3 тонна, бал – 0,5 тонна, шұжық өнімдері – 8 тонна, ұн және макарон өнімдері – 8,5 тонна, басқа өнімдер – 19,7 тонна.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу