Елордадағы кезекті жәрмеңкеде Павлодар облысының өнімдері саудаланады

834

Осы демалыс күндері, 9 және 10 қазанда "Хан Шатыр" СОО жанындағы алаңда Павлодар облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордадағы кезекті жәрмеңкеде Павлодар облысының өнімдері саудаланады

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының, облыстың ауылдық жерлерінің тауар өндірушілері, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлері қатысады. 

Аталған өңір елордаға 200 млн теңгеден астам сомаға 520 тонна өнім, оның ішінде ет, ет-сүт, бакалея өнімдері, картоп, көкөніс әкеледі. 

Павлодарлық кәсіпорындар Нұр-Сұлтан тұрғындарына өндірушілер бағасы бойынша азық-түліктің кеңейтілген ассортиментін ұсынады. 

Естеріңізге сала кетейік, елордада осы жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында көкөністер мен жемістердің пісу мерзімін ескере отырып, 14 жәрмеңке өткізу жоспарланған. Ауыл шаруашылығы өңірлік жәрмеңкелерінің маусымы Нұр-Сұлтанда 31 қазанға дейін жалғасады.

21 тамыздан бастап елордадағы жәрмеңкелерде Түркістан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу