Елордадағы құрылыс алаңдарының бірінде жұмысшы мерт болды

Тағы үшеуі ауруханаға жатқызылды. 

Елордадағы құрылыс алаңдарының бірінде жұмысшы мерт болды Фото: Inbusiness.kz

Астанада құрылыс алаңында төрт альпинист құлап, бірі оқиға болған жерде қайтыс болды.

"Құрылыс объектісінде жұмысшылардың құлау фактісі бойынша Астана қаласының полиция департаменті тергеу бастады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі бойынша жүріп жатыр. Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін бір жұмысшы сол жерде қайтыс болды, қалған үшеуі ауруханаға жатқызылды", - деп жазылған қалалық полиция департаментінің хабарламасында.

Тергеу амалдары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу