Елордадағы LRT жобасы қандай технологиямен салынып жатыр

191

Жоба "ғасырлық жоба" стандартына сай болу үшін қытайлық жетекші технология қолданылды. 

Елордадағы LRT жобасы қандай технологиямен салынып жатыр Фото: голос народа

Астанадағы LRT жобасын Қытайлық China construction компаниясы салып жатыр. Қытайлық компанияның бас менеджері Хан Юлон Астанада салынып жатқан жеңіл рельсті көлік желісі (Astana LRT) қандай технология қолданып жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Хан Юлонның айтуынша, LRT желісі Орталық Азиядағы алғашқы жүргізушісіз басқарылатын (автопилот жүйесі) жылжымалы құрам болмақ.

- Astana LRT жобасы Қытай-Қазақстан екі ел арасындағы "Бір белдеу – бір жол" бастамасында айрықша маңызы бар жоба саналады. Сондықтан, біз бұл жобаға ерекше мән береміз. Жобаның сәтті және сапалы аяқталуы үшін құрылыс жұмыстарына "қытайлық стандартқа" негізделген соңғы технологияларды қолданып отырмыз. Мысалы, LRT желісінің жылжымалы құрамы қашықтықтан жүргізушісіз басқарылады, - деді China construction бас менеджері.

Оның айтуынша, LRT желісінің Есіл өзенін кесіп өтетін жерінде жаңа көпір салынды. Жоба "ғасырлық жоба" стандартына сай болу үшін қытайлық жетекші технология қолданылды.

- Көпірдің жалпы ұзындығы - 155 метр. Бұл көпірдің негізгі арқалықтары болат конструкциядан құралып, көпір бетіне арматура араласқан бетон құйылады. Болат конструкция қытайдағы соңғы технология доғалық дәнекерлеу "роботы" арқылы дәнекерленіп, "құрастырмалы блок" әдісі бойынша құрылыс жүргізілді. Бұл күнде көпірдің негізгі құрылысы аяқталып, көпірдің жалпы салмағы 2598 тоннаны құрады, - деді Хан Юлон.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу