Елордадағы мектепке Дінмұхаммед Қонаев есімі берілмек

926

Үкімет Нұр-Сұлтандағы бірқатар мектепке мемлекет және қоғам қайраткер Дінмұхамед Қонаев пен басқа да беделді тұлғалардың есімін беруге дайыналып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Ашық НҚА" сайтына сілтеме жасап.   

Елордадағы мектепке Дінмұхаммед Қонаев есімі берілмек

Қаулы жобасына сәйкес, Үкімет төмендегі мектептерге беделді тұлғалардың есімі береді:

1) №11 мектеп-лицейі – Өзбекәлі Жәнібеков;
2) №49 орта мектебі – Қошке Кемеңгерұлы;
3) №69 мектеп-гимназиясы – Кемел Ақышев;
4) №2 балалар музыка мектебі – Роза Бағланова;
5) №3 балалар музыка мектебі – Ермек Серкебаев;
6) №66 мектеп-лицейі – Дінмұхамед Қонаев;
7) №77 мектеп-гимназия – Фариза Оңғарсынова;
8) №83 мектеп-гимназия – Ыбырай Алтынсарин.

Дінмұхамед Қонаев – аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, техника ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі. Ол ширек ғасырға жуық Қазақстанның бірінші басшысы қызметін атқарған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу