Елордадағы Оқушылар сарайының есігінде QR код арқылы есірткі жарнамаланған

246

Онда есірткі таралатын мекен жайлар болған. 

Елордадағы Оқушылар сарайының есігінде QR код арқылы есірткі жарнамаланған Фото: Facebook/Серікбол Хасан

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова синтетикалық есірткілердің таралуына қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Қазір QR код арқылы синтетикалық есірткілердің таралуы көп кездеседі. Мысалы, біз ірі облыс орталығында орналасқан көшенің атауын басқан кезде есірткі тарататын адрестер байқалған. Екіншіден, кеше әлеуметтік желіде Астана қаласындағы Оқушылар сарайының есігіне QR код ілінгені тарап жұр. Оны ашып қараса, есірткі таралатын адрестер ашық көрсетілген. Жалпы QR кодтар, көшелер және тағы басқа ақпараттық қауіпсіздік тұрғысында қандай шаралар қолданасыздар? Бұл тұрғыда заңда қандай мәселені қарастырдыңыздар? Осыдан екі апта бұрын ірі әуе тасымалмаушының пилоты есірткі қолданғаны анықталды. Жалпы еліміздегі әуе, теміржол және қоғамдық көліктерді тасымалдап жүрген қанша азамат есірткіге тәуелді?", - деді депутат.

Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаевтың дерегінше, полицейлер кибербақылау арқылы 1356 сайтты жапқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу